ЕСІРТКІ САУДАЛАҒАН ӘЙЕЛ ҰСТАЛДЫ
Қызылорда ОІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 22 мамыр күні сағат 19.00 шамасында Арай мөлтек ауданынан есірткі сатқан қала тұрғынын ұстады.
1964 жылы туған азаматшаға жеке тінту жүргізу барысында қалтасынан 2 дана газетке оралған шөпке ұқсас зат алынды. Алынған заттарға тағайындалған сараптама оның салмағы 4,26 грамм болатын кептірілген марихуана екенін анықтады.
Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Кінәсі дәлелденген жағдайда аталған бап бойынша мүлкі тәркілене отырып 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.