ӨТКЕН КЕЗЕҢНЕН СЫР ШЕРТКЕН КӨРМЕ
Студенттер сарайында 31 мамыр - Саяси қуғын –сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Қазақстан Республикасы Президентінің және Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен «Тар жол, тайғақ кешу» тарихи-құжаттық көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмені ҚР Мемлекеттік хатшысы Г. Әбдіқалықова, Қазақстан Республикасы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Д. Мыңбай, облыс әкімі Қ. Көшербаев және «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» халықаралық форумына келген қонақтар тамашалады.
Архивтік құжаттар арқылы қоғамды ХХ ғасырдың басынан бастап Қазақстан халқының көпэтникалық құрамының қалыптасу тарихының аспектілерімен таныстыруды көздеген көрмеге тарихи мәні зор құжаттар қойылды. Көрме материалдары арқылы барлық этностардың бірлігі мен татулығының символы – Қазақстан халқы ассамблеясының ролі мен «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы құндылықтарын ілгерілету идеясы ашыла түсті.