МУЗЫКАЛЫҚ ШЕРУГЕ 3 МЫҢНАН АСА БАЛА ҚАТЫСТЫ
Қазақстанның облыс орталықтарында тұңғыш рет балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі болып өтті. Шараға облыстағы мектептердің өнерпаздарымен қатар арнаулы және жоғарғы оқу орындарының студенттері де өз үлестерін қосты.
Музыкалық шерудің мақсаты – бұл «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеяны іске асыру жағдайында эстетикалық және патриоттық тәрбие факторы ретінде балалар мен студенттердің салтанатты, көше-фестивальды шеруді қолдау және дамыту болып табылады.
Еліміздің мәдени өмірінде бірегей оқиғаға баланған шеруге облыстың әр ауданы мен қаласынан келген барабаншылар отряды, үрлемелі оркестрлер мен ансамбльдер, мажореткалар, хор және би ұжымдары қаланың орталық көшелерімен жүріп өтті.
Мереке иелерін құттықтаған облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов балалар құқықтарының қорғалуы баршаға міндет екенін айтып, аймақ бойынша балғындар тәрбиесін жақсарту, оларды жазғы демалыспен қамту бағытындағы бастамаларды баян етті.
Бүгінгі таңда елімізде балалардың алаңсыз білім алуына, бақытты балалық кезеңдерін өткізуге барлық жағдай жасалған. Балаға тәрбие беретін ең алдымен оның ата-анасы болса, екінші, тәрбиемен қоса білім беретін балабақша,мектеп және оның өскен ортасы. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің ұрпақ болашағы үшін білім саласының алдына қойған үш негізгі тапсырмасы Қызылорда облысында толықтай орындалды десек те болады. Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт және құт-береке тілеймін! Еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болсын!», - деді ол өз құттықтауында.