ҚАҚПАШЫ ОЙЫНДЫ ТАСТАП КЕТІП ҚАЛДЫ
Бразилияның «Фигейренс» командасының 38 жасар қақпашысы Фабио Гонсалвес матч арасындағы үзілісте үйіне қайтып кеткен. Ол өздеріне қарсы ойнаған «Боа» футболшысының алаң ортасынан тепкен добын жіберіп алғанына ашуланғаннан осындай әрекетке барыпты. Бұл туралы http://prosports.kz хабарлайды.
Бірінші таймдағы алғашқы голға да себеп осы қақпашы қателігі болыпты. Ал қосымша минутында алаң ортасынан тебілген доптың голға айналуы енді адам сенгісіз оқиға. Айыпты тағы да Фабио.
Бірінші таймда-ақ екі гол жіберіп алған Гонсалвес үзілісте таксиге мініп, үйіне тартып отырыпты. Содан кейін қайтып қарасын көрсетпей кеткен қақпашыны «Фигейренс» клубының басшылығы командадан шығарып жіберді.