ТҰҢҒЫШБАЙ ЖАМАНҚҰЛОВҚА ҚАТЫСТЫ СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ
Алматы қаласы Медеу аудандық №2 сотында мемлекеттік қаржыны жымқырды деп айыпталған "Феникс" фильмінің түсірілім тобының мүшелеріне қатысты үкім шықты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап NUR.KZ.
Судья айыпталушыларды кінәлі деп тауып, Тұңғышбай Жаманқұлов 189-бап ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") бойынша 7 жылға шартты түрде сотталды.
Рақымшылық туралы заңға сүйене отырып сот Жаманқұловтың жаза мерзімін екі есе қысқартты - 3,5 жыл.
Сондай-ақ, Мәдениет және спорт министрлігінің пайдасына 3, 4 млн теңге беруге міндеттелген.
Талғад Жәнібеков те айыпты деп танылып, шартты түрде 7 жылға сотталды.
Ал, "Қазақфильм" АҚ бұрынғы топ-менеджері Гауһар Ысқақоваға 1 жыл шартты түрде соттау туралы шешім шығарылған және сот залында қамаудан босатылды.