СУҒА БАТҚАНДАРДЫҢ ЖАҚЫНДАРЫНА ПСИХОЛОГ ЖӘРДЕМ БЕРДІ
Жақынын жоғалтқан жанның күнделікті тіршілікке қайта кірісуіне көп ретте психологтың көмегі қажет болып жатады. Төтенше жағдай кезінде адам психоэмоционалдық жағдайда түскен адамға да ең алдымен керегі психологиялық жәрдем.
Осы жылғы 24 мамырда "ОӨАЖҚЖ" ММ құтқарушылары өзенге сүңгіп кетіп, шықпай қалған 15 жастағы А.Ж.-ны іздестіруді бастады. Бозбаланың денесі үш күннен соң табылды.
Осыған ұқсас оқиға 25 мамырда дарияның «Пищевик» саяжайы тұсында да болды. Шомылуға рұқсат етілмеген жерде суға түскен 9 жастағы А.Б. дарияға шым батып кеткен. Сол күні «ОӨАЖҚЖ» ММ құтқарушылары оның денесін судан шығарды.
Осы оқыс оқиғалар кезінде «МАО» ММ облыстық филиалының психологы Жазира Досаева зардап шеккендерге жедел психологиялық көмек беріп, психоэмоционалдық жағдайды бақылауда ұстауға тырысты.
— Аса қатты күйзеліске ұшыраған адамдарға психологиялық көмек беру оңай емес. Қиын болса да зардап шегушімен әңгімелесіп, байланыс орнатуымыз керек. Осы арқылы олардың эмоциясын, ашу-ызасын, күйзелісін білдіріп, жеңілдеді,- дейді Ж. Досаева.
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы