БҮГІН ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ КҮН АШЫҚ БОЛАДЫ
1 маусымда Қазақстанның басым бөлігіне антициклон әсері етеді, соған байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, тек республиканың батыс аймақтарының кей жерлерінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты найзағайлы жаңбыр күтіледі, жел күшейеді. Еліміздің солтүстігінің кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал деп хабарлайды Қазгидромет.
Маңғыстау, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау облысында - тұман болады.
Ақмола облысының кей жерлерінде түнде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.