ҚЫЗЫЛОРДА МЕН НАРЫННЫҢ БАЙЛАНЫСЫ АРТАДЫ
Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен Қырғыз Республикасы, Нарын қаласы жоғары кеңесінің бірінші вице – спикері Уланбек Жаанбаев «Қызылорда және Нарын қалалары арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени байланыс» туралы меморандумға қол қойды.
Кездесуге Қырғыз Республикасының ІІІ дәрежелі мемлекеттік кеңесшісі, Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым академиясының президентінің ғылыми хатшысы Калнур Ормушев, «Қырғызстан» партиясы төрағасының орынбасары, Нарын қалалық кеңесінің депутаты Давид Курманов және Қызылорда қаласының активі қатысты.Кездесуді қала әкімі Нұрлыбек Мәшбекұлы Сырдың бас шаһарының тарихы мен бүгінгі жетістіктері туралы қысқаша айтып өтті.
Он екі баптан тұратын меморандумда екі қала арасында инвестиция тарту, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, құрылыс, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, спорт және туризм секілді әлеуметтік салалар бойынша ынтымақтастықты арттыру мәселесі қарастырылған.
Жиын соңында қала әкімі қонақтарға естелік сыйлықтар табыстап, бауырлас екі елдің арасындағы іскерлік, әріптестік ынтымақтастықтың артуына септігі мол серпінді жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға шақырды.
Қала әкімінің баспасөз қызметі