ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ ТАБЫСТЫ ӨТТІ

Жалпыұлттық тарихи сананы қалыптастыруға, ұлттық бірлікті нығайтуға, тарихи жадыны жаңғыртып, келер ұрпаққа мирас етуге, сондай-ақ, осы мақсаттағы азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы ықпалдастықты арттыруға үлес қосу мақсатында ұйымдастырылған бұл шара Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен жеті жылдан бері өткізіліп келеді.
Биылғы форум жұмысы облыстағы 15 мекеме мен білім беру ұйымдарында өткізілген бейбітшілік сабақтарынан бастау алды.
Форум аясында «Тарихи жады және тағылым – рухани жаңғырудың негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Сондай-ақ, «Алжир» деректі фильмінің көрсетілімі мен «Қазақстан тарихы. Құжаттар мен материалдар (1917–2012)» хрестоматиясының таныстырылымы өтті. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Қайырымды ел» шарасы ұйымдастырылды.
Бір сөзбен айтқанда, Сыр еліндегі халықаралық форум табысты өтті деуге болады.

