АРАЛДЫҚТАР САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ
Бүгін аралдықтар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алып, жазықсыз жапа шеккендердің аруағына құран бағыштады.
Аталмыш шара барысында сөз алған аудан әкімінің орынбасары М.Мейірбеков:«Біз бүгінгі өміріміз үшін елінің азаттығы, бірлігі, болашағы үшін күрескен, тар жол, тайғақ кешкен қайсар бабаларымызды ешуақытта ұмытпауымыз керек»-деді.
Сонымен қатар, «Халықаралық қазақ тілі қоғамы» аудандық филиалының төрағасы Ж.Жақып және саяси қуғын –сүргін құрбаны болған Н. Қосжановтың туысы Қ. Ердіқалықов солақай саясаттың құрбаны болған азаматтар өміріне тоқталды.
Шараға қуғынға ұшыраған азаматтардың ұрпақтары, ардагерлер қатысып, қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын қызметкерлері жазықсыз жапа шеккендердің рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.