КЕРЕМЕТІ КӨП КӨРМЕ БОЛАДЫ
Санаулы күндерден кейін елордада халықаралық көрме жұмысын бастайды. Әлем назарын Астанаға аударған көрме жайлы, оған дайындық жұмыстары туралы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне сұхбат берді
Хабар 24.
Ахметжан Смағұлұлы, сіз осы жұмысты енді бастаған сәтте өзіңізді оптимист ретінде таныттыңыз. Сіз топ-менеджментті оңтайландырып, қосымша инвестицияларды тартуды және туристік әлеуетті дамыту жоспарлаған болатынсыз. ЭКСПО-2017 көрмесінің басталуына 13 күн қалды. Нені іске асыра алдық, неге қол жеткіздік, мүмкін іске асырылмай қалған ойларыңыз бар ма? Солар туралы айтып кетсеңіз?
–Елбасы мені ұлттық компанияның басшысы етіп тағайындағаннан кейін, екінші күні, дәл айтқанда 2016 жылдың 13 тамызында құрылыс алаңына келіп, нысан ретінде алғаш BI-Group компаниясы салып жатқан C1 павильонын көргенім есімде. Шынын айтқанда, бұл жерде қабырғалары мен өндірістік кестесі орнатылған бетонды тақташасы ғана болған, басқа ешқандай үй-жайлар болған емес. Ол кезде оптимизмге толы аса сезіммен жағдайға қараған жоқпын. Алда үлкен жұмыс күтіп тұрды, ең алдымен, ол ұлттық компанияның департаменттерімен, оның құрылымымен, іске асырылуы тиіс жұмыстың көлемімен танысу қажет болды, ал уақыт болса аз. Жұмыс басталғаннан кейін ақырын оптимизм де пайда бола бастады және бір айдан соң берген сұхбаттың барысында шынымен оптимизге толы едім. Алға қарай жүруден басқа амал болмады, ал скептиктер және бітіріп үлгеретінімізге күдіктенетін адамдар көп болды. Алайда жұмыс жүрді, ал біз болсақ барлығын жаңадан бастадық. Соңғы уақытқа дейін УШБ – Уақытша шарттық баға деген түсінік болды және бірде бір жоба болмады. Өздеріңіз білетіндей, кез келген құрылыста ең алдымен жобалау-сметалық құжаттаманы дайындалады, сосын ол сараптамадан өтіп, құрылыс басталады. Ал біздің жағдайда уақыт өте тығыз болды, айтпақшы, алғаш ЖСҚ тек өткен жылдың қараша айында ғана алдық. Қазіргі таңда біздің қолымызда 26 нысан бойынша 26 ЖСҚ бар және олардың барлығы сараптамадан өткен. Біз үлкен жұмыс жасадық, тіптен мердігерлермен күрестік, бұл үйреншікті жағдай, себебі барлығы көбірек ақша жасағысы келеді, бірақ бұл жұмысты да табысты атқардық. Нәтижесінде, 2014 жылы әзірленген ТО-да көрсетілген қызметтің құнынан қазір 300 млрд.теңгені үнемдей алдық. Бұл 1,5 жыл өте ауыр болды, алайда мен жобалаушылардың, инженерлердің, сәулетшілердің жұмысына, әсіресе жұмысшыларға алғысымды білдіргім келеді. Осындай қарлы қысқа, осы күнге дейін соққан боранды және желді көктемге қарамастан барлығы өте үйлесімді жұмыс атқарды. Бүгін барлық нысандар аяқталды, көрме кешенінің аумағында негізінен орнату және сәулеттендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Россия 24
Қайырлы күн, мен бүкілресейлік мемлекеттік телерадиокомпаниясының, яғни Россия, Россия 24 арналарының өкілі боламын және біздің телеарналар бүгінгі күнге дейін осы жердегі жұмыс фронтының қалай жүріп жатқанын аса қызығушылықпен бақылады. Мен кездейсоқ «фронт» деп атамадым, себебі барлығы жеңіс үшін, уақытты жеңу үшін және ауа-райының қолайсыздықтарын жеңу үшін жасалып жатқандай болды. Ал бүгін, көрменің ашылуына екі жеті қалғанда, жеңістің жақын қалғаны сезіліп отыр, менің ойымша ол ауада қалқып жүр.Менің сұрағым көбінесе Қазақстан және Ресей Федерациясын бір-бірін жалғайтын стратегиялық байланыстар мен қарым-қатынастарға негізделеді. Екі елдің экономикасында салмақты шикізат пайызы бар. Екі елдің экономикасы негізінен мұнай өндіруге бағытталған. ЭКСПО көрмесінің ұраны - жаңа технологиялар мен жаңа энергия. Мен болашақта Қазақстан мен Ресей экономикалары өзгереме ме, оларда шикізат қазіргіге қарағанда, қаншалықты басым болады дегенге қатысты болжамыңызды естігім келеді?
–Болашақ тұжырымдамасын өте кең қарауға болады. Яғни, бұл - болашақ. Егер біз қысқа мерзім туралы айтар болсақ, онда әрине елдеріміздің экономикасының күрт өзгеруі екіталай. Бірақ, әрине бізұзақ мерзімді перспективаларға қарауымыз тиіс. Осы тұрғыдан алғанда, өмірдің өзі сияқты, экономиканың өзгеретіні сөзсіз. Мысалы, 90-жылдары мен Премьер-министрдің орынбасары болдым және сол уақытта энергетика мәселелеріне жетекшілік еттім. Қазіргі таңда табысты жұмыс істеп жатқан өнімді бөлісу туралы келісімді мен өзім осыдан 20 жыл бұрын Вашингтонда біздің екі елдің және АҚШ мемлекет басшыларының қатысуымен болған кездесу барысында мұнай компанияларымен жасасқан болатынмын.
Ол кезде жаңартылатын энергия көздері және альтернативті энергия туралы ой да болған жоқ. Шынымды айтсам, мен жұмысқа кіріскен кезде ғана осы тақырыпты қарастыра бастадым. Көптеген қазақтар мен орыстардың да жағдайы осындай деп ойлаймын, өздері осыған тап болмайынша, жасыл энергияның ауқымды қолдану арқасында экономиканың өзгере алуын елестете алмайды. Қазір Президенттің алға болжауымен “Болашақ энергия” тақырыбын таңдау шешімін түсінеміз. Қазірде шикізат өндіруші елдердің мұнай бағасының құбылмалығына тәуелділігін байқаймыз. Мәселен, мен күнделікті мұнай бағасының өзгерісін байқаймын, қазірде 50-ден жоғары, жуырда түсіп кеткен болатын, одан да төмен болып, қайтадан көтеріледі, кейін тұрақталып, қайтадан өзгерді. Сондықтан рубль мен біздің теңгеміздің де бағамы да өзгереді. Басқаша айтқанда, ұлттық валютаның өзгерісі әрбір азаматқа әсер тигізеді. Сондықтан дүниежүзі мемлекеттері тұрақтылыққа қадам жасап, альтернативті энергияны қолдану шараларын ойластыруда.70- шы жылдары мұнай газ секторында дағдарыс болды, сондықтан француздар атомды энергия көздерін қолдану шешімін қабылдады. Бүгін Франция энергиясының 72% атомдық электростанцияларда өндіріледі, мемлекет энергияны шетелдеріне жөнелтеді, энергия көлемі бойынша әлемде екінші, ал үлесі бойынша бірінші орынды алады. Энеригия шығындарын айтарлықтай қысқартқаннан кейін, қазір де жұмыс жалғасуда. Бүгінде мемлекеттердің құрылыстары мен экспонаттарын көрген сайын, бұл тақырыпты жақсырақ түсіне білесің. Мәселен, Германия 30 және 1 мамырда жаңармалы энергиякөзінен 85% электроэнергияны өндірді, Голландияда өткен жылы 75% поездар, ал осы жылы 100% жел энергиясымен жүрді. Жалпы көлеммен қарастыратын болсақ, жаңармалы энергия қолдану аясы өте жоғары мемлекеттер бар, кей мемлекеттер энергияны тек негізгі бағыттармен қолданады, алайда көбіне дәстүрлі қуат көздері басым қолданылады. Алайда, Президенттің бірнеше рет атап өткендей мұнай сарқылып, немесе қандай да бір ауытқу жағдайында мұнай бағасы төмендеп, оны өндіру және экспорттау тиімсіз екенін түсінуіміз керек.
Осы тұрғыда “Болашақ энергиясы” тақырыбы тек әлемдік державаларға емес, дамушы елдерге де маңызды, осындай көрме Халықаралық көрме бюросының тарихында бірінші рет өткелі тұр. Осылайша біз энергия дағдарысын шешетін жолдарды іздеуде бастаманы береміз. Өткен жылы 30 мемлекет көрмеге қатысу ықыласын білдірді, ал қазірде көрмеге 115 мемлекет ынтамен қатысады. Бізде күнделікті павильон өкілдерімен болашақ энергиясы тақырыбында пресс-конференциалар өтеді. Осы мемлекеттер өз кезегінде үлкен жұмыс атқаруда және ЭКСПО алаңында өздерінің айтарлықтай әлеуетін көрсетуге дайын. ЭКСПО көрмесін өткізу осы аядағы білікті мамандарға, азаматтарға, әсіресе жастарға ЖЭК қолдану және енгізу технологияларын қолдануға итермелейді. “Болашақ Энергия” сайысын өткізгенде, бізге бір айдан кем уақытта 200-ден астам сұранымдардың келуіне таң қалдым және көптеген жобалар патенттелді. Осының барлығы, біздің Президент атап өткендей, жаңармалы энергия саласының дамуына ғана емес, жалпы мемлекет дамуын үлкен ықпалын тигізеді. Бұл керемет шығармашылық алаң.
CCTV.
Біріншіден, ЭКСПО көрмесі әлемдегі ең үлкен көрме екені, екіншіден, бұл қатысушы мемлекеттерге мүмкіндік беретін үлкен нарық екені бәрімізге мәлім. Басқа павильондардың арасында ең үлкені Қытай павильоны, сіз өзіңіз оны қалай бағалайсыз? Екінші сұрақ, Астанада өтетін көрме Қытай және Қазақстан арасындағы қарым – қатынасқа әсер ете ме?
– Біріншіден, Қытай мемлекеті ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға үлкен жауапкершілікпен қарауын атап өтейін. Расында да, ҚХР павильоны көрмедегі ең үлкен павильон. Ең алдымен, Қытай елінің көрме дайындығына үлкен жауапкершілікпен қарағанын атап өткім келеді. Қытай павильонды орнату жұмыстарына кіріскен алғашқылардың және алғаш бітірушілердің бірі. Мен бірнеше рет өзімде Қытай павиьлонын көрген болатынмын, оның ауқымы расында да кең. Қытай әлем бойынша халық санынан бірінші орында тұр, ол айтпаса да белгілі. Ауқымды экономика, ауқымды мөлшерде энергия ресурстарын өндіріп, қолданады және оны импорттау көлемі де үлкен. Қазақстан Қытайға мұнай мен газды экспорттайды, сондықтан Қытайда қазірде жаңармалы энергия көздерін өндіру қарқынмен жүргізіліп отыр. 2,5 трлн. юань ЖЭК жоғары қаржы салу ғой. Жаңармалы энергия өндіруде Қытай әлем бойынша бірінші орын алады. Сондықтан, көрмеде Қытайдың өз жетістіктерін көрсетуге ынтасы маған түсінікті. Атап өткенімдей, Қытай тек көлемі және дайындықтан ғана емес, сонымен қатар мазмұны бойынша да ең үлкен павильон. Бізде сонымен қатар ШЫҰ Саммитіде өтеді, мемлекет басшылары көрме кешеніне келеді. Біз қарқынмен дайындалудамыз. Көрменің салтанатты ашылуына да келеді. Бұл павильон басшыларына, Комиссарына жауаптылық жүктейді, себебі мемлекет басшылары нысандарды аралап, көреді. Менің ойымша, Қытай павильон тақырыбы өте орынды. Оның табысты болуына күмәнім жоқ.
Zakon.kz
ЭКСПО жұмысына кіріскелі, сіз бас менеджерлер санын екі есе қысқарттыңыз. Бұл ЭКСПО-2017 дайындығы мен сапасына әсерін тигізді ме?
–Ұлттық компания құрылыммен танысқалы, оны оңтайландыруды, осылайша ол тек қана оңтайлы ғана емес, сонымен қатар айтарлықтай жұмысқа қабілетті етуді жөн көрдім. Мәселен, департаменттер бұл негізгі жұмысты орындайтын «жұмыс алаңы». Онда тоғыз басқарушы директор болды. Басқарушы директорлар санын үш адамға дейін азайтты. Яғни, біз құрылымды кей жерлерін қысқарта отырып, жеңілдеттік, осылайша шешім қабылдау жеделдігін арттырдық. Департамент директоры шешім қабылап, сол шешімдердің орындалуына жауапты. Біздің негізгі міндетіміз қажеті жоқ саланы қысқарту болды, нәтижесінде біз ақшаны үнемдеп қана қоймай, сонымен қатар құрылымды қайта қарастырып, әрбір жұмысшылардың міндетін қарастырып, бірақ бастысы нәтижелі топ құрастырдық. Құрылымды қыркүйек басында оңтайландырғаннан кейін, қайта өзгерткеніміз жоқ. Жақсы топ құралды. Әрине, біреуі кетіп, біреу қалды, алайда жұмыстың нәтижесіне қазір өзімізде көз жеткізе аламыз. Елбасымыздың жан-жақты қолдауымен 6 жыл істелетін жұмысты 21 ай ішінде бітірдік. Уақыт болса кетіп жатыр, басқа амалымыз болмады, алайда, құрылыспен қатар, оның сапасын қолданысқа берерде берік болатындай жоғары деңгейде жасау керек болды. Сонымен қатар, әрбір нысанға бағалы жабдықтар бар, олар жақсы жұмыс істеп тұруы шарт болды. ЭКСПО - тек құрылыс нысандары ғана емес, бұл сонымен қатар қонақтарды күтуге қаланы дайындау, жұмыс сапасы, қызмет көрсету сапасы мен деңгейі. Осы тұрғыда біз түсіністік және бірге жұмыс істеу қарым- қатынасын орнаттық.
Vlast.kz
Екі жыл бұрын көрмеге қатысушы тек 50 мемлекет болды, ал қазір 115 мемлекет. Арнайы көрме мемлекеттердің Қазақстан ұсынатын дайын павильонға келуімен ерекшеленеді. Мемлекеттің қымбат павильонды алғысы келетіні, бірақ оны ұсына алмайтын жағдайлар болды ма? Осындай жағдайда келіссөздер қалай жүргізілді немесе тіпті осындай жағдайлар орын алды ма?
–Біріншіден, халықаралық павильондар шарды қоршап орналасқан. Барлығы бір стандартпен тұрғызылды, тек шаршы көлемінде ғана айырмашылығы бар. Негізгі сұрақ: мемлекеттің павильоны қанша шаршы көлемді алады. Бізде 4 блок бар: С1, С2, С3, С4. Оның қай бөлігінде орналасу сұрағы туындамайды, себебі барлығы негізгі нысан Нұр Әлемнен бірдей қашықтықта орналасқан. Осы тұрғыда, біз мемлекеттермен жақсы жұмыс атқардық және Халықаралық көрме бюросының үлкен көмегі тиді. Халықаралық мемлекеттермен ұйымдастырушы мемлекет, яғни біз және мемлекеттердің арасында туындаған сұрақтарды талқылауға салынған екі жиналыс өткіздік. Бүгінде біз барлық мәселелерді бір бітіммен шештік. Атап айтқанымдай, Қытай, Германия, Франция, Ресей, Жапония, Монако, яғни көптеген елдер жоспармен 1 қарашадан бастап павильондарды алуда. 1 қарашада халықаралық павильондар дайын болды, бірақ кей мемлекеттер түрлі себептер бойынша құрылыс жұмыстарын кешірек бастады.
Дегенмен, олардың барлығы көрменің басталуына дейін жұмыстарды аяқтайды деп үміттенеміз. Алайда, алдынғы Миландағы көрмеде ондаған елдер көрменің ашылуынан кейін жұмысын аяқтады. Бұл жағдайды болдырмауды қалаймыз. Осы аптада Халықаралық көрмелер бюросының инспекциялық комиссиясы келді, олар көрменің осындай дайындық деңгейі бұрын-соңды болмағанын мәлімдеді, ал ХКБ Бас хатшысы Виссенте Лоссерталлес аталған халықаралық ұйымның басшысы ретінде 25 жыл атқарған қызметі аралығында көрмеміз ең үздік болады деді.
Zakon.kz
Осы жоба Қазақстан үшін қандай нақты перспективаларға жол ашады?
– Ең алдымен ЭКСПО-2017 мамандармен бірге қатардағы азаматтардың әсіресе жастардың сана-сезіміне серпін беретіндігін айтқым келеді. Жастарымыз инновациялы, бұл жерде шығармашылық бағытта жұмыс істейтін және ойлайтын тұлғаларға қызықтар өте көп. Мысалы, үздік тәжірибелер аймағы-арнайы Халықаралық комиссия әлемдегі жаңартылатын энергия көздері саласында ең үздік жобаларға іріктеу жүргізіп, 24 жобаны таңдап алған павильон. Көрмеге бір рет қатысу осы саладағы жаңалықтарды көруге мүмкіндік береді Бұл шет елдік көрнеті ғалымдардан, соның ішінде екі нобель сыйлығының лауреаттарынан құралған өте абыройлы комиссия. Ұсыныстардың көп болуына байланысты бірнеше ай аралығында іріктеу жете жүргізілді. Сол себепті осы павильонға келу мен танысу пайдалы әрі тиімді болады деп ойлаймын. Әрине, атап өткенімдей экономикадағы өзгерістер бірден орын алмайды, бірақ мысалы 30 жыл бұрын атомдық энергетиканы дамытуды бастаған Франция ілгері қарай өрбіді.
Бізде сонымен қатар Казатомпрос және Росатомның бірлескен павильоны атомды энергия бейбітшілік мақсатта қолдану бойынша бірнеше керемет экспозицияларды ұсынады. Яғни, қайталап кетейін, Президентіміз бірнеше рет айтқанындай, мемлекет шикізат көзінен шығып, жаңа энергия көзіне көшуі тиіс, сондықтан менің ойымша, Астанада «Болашақ энергиясы» ЭКСПО 2017 көрмесі осы бағытта ықпалын тигізеді.
Vlast.kz
Дүниежүзінде ауқымды іс-шаралардан кейін инфрақұрылымды нысандары тұрып қалу мәселесі бар, мысалы Риодағы Олимпиададан кейінгі жағдай. Астанада неліктен бұл жағдай орын алмайды?
– Біріншіден, үлкен қаржы салу туралы, яғни неліктен деген сөз туындаған жағдайда, келесіні атап өткенім жөн,барлық экспонаттар мен павильондардың, ішінде біздің қазақстандық павильнда бар, мемлекеттер өздері құрып, қайта жинаған Миландық көрмеден айырмашылық бар. Бұл жерде өздеріңіз көріп тұрғаныңыздай, күрделі кұрылыс. Көптеген нысандар көрме біткеннен кейін де жұмыс атқарады. Мысалы, Шар Болашақ музеиіне айналады, себебі онда соңғы жаңалықтар жиналған және энергия тақырыбы ғарыш, күн, жел энергиясынан бастап, кинетикалық энергиясы да толық ашылған. Яғни, осының барлығы, сонымен қатар үздік құрылымдар, тақырыптық павильондарда көрменің дәулеті мен мұрасы ретінде қалады. Яғни, көптеген нысандар жұмысын жалғастырып, қазақтарға және басқа да қонақтарға қызықты болып қалады.
Бос халықаралық павильондардардың екеунің ішінде халықаралық қаржылық орталық орналасады. Сонымен қатар,БҰҰ қамқорлығымен жасыл энергия халықаралық орталығы– ұйымның Бас Ассамблеясы кезінде президентіміздің сөзінде атап өтіп, оныңбастауымен ашылады. IT-стартаптарда ашылады. Жалпы, ауданды қолдануға жиырма ұсыныстар келді. Ұсыныстар саны бос аудандар санына қарағанда көп. Яғни, көптеген нысандар жұмысын жалғастырып, қазақтарға және басқа да қонақтарға қызықты болып қалады.
Бос халықаралық павильондардардың ішінде халықаралық қаржылық орталық «Астана» орналасады. Сонымен қатар,БҰҰ қамқорлығымен жасыл энергия халықаралық орталығы – ұйымның Бас Ассамблеясы кезінде президентіміздің сөзінде атап өтіп, оның бастауымен ашылады. IT-стартаптарда ашылады. Жалпы, ауданды қолдануға жиырма ұсыныстар келді. Ұсыныстар саны бос аудандар санына қарағанда көп. Барлық нысандарға сұраныс көп. Мысалы, қазірде танымал JobWorld атты білім орталығын ашу ұсынысы қарастырылуда. Біз Корея тәжірибесіне сүйендік. Корея бұл бағытта үздік саналады, алайда осындай мектеп жасына дейінгі балалар және 24 жасқа толмаған жастарға арналған орталықтар көптеген дамушы елдерде ашылуда. Мектеп жысына дейінгі балалар осы орталықтарға барып, жұмыс, мамандық деген ұғымдармен танысып, кейін өздеріне дұрыс мамандықтарды таңдай алады. Осы мақсатта көптеген мүмкіндіктер беріледі. Павильондар негізінде құрауға болады. Балалар кішкентай кездерінен бастап, мәселен өрт сөндіруші,дәрігер, құрылысшы, аспазшы мамандықтарымен таныса алады, яғни өздері көріп, кейін таңдай алады. Яғни, жай ата-анасының жақсы төлемақысынан заңшыға беру, ал кейін оқуды бітірген соң мамандықты ұнатпайды деген жағдай болмайды. Бұл жағдай барлығымызға мәлім. Орталықта балалар қызуғушылығына, қабілеттілігіне қарай жиналады, кейін санамен мамандығын таңдайды. Бұл мемлекеттік білім беру орталығы болады. Демеушілер өте көп. Демеушілер 20-24 жас аралығындағы жастар арасынан өз жеріне жұмысқа ала алады. Осындай жоспар бар. Бір сөзбен айтқанда, ұсыныстар саны, бос алаңдарға қарағанда көп. Бұл бізді қуантады.
Zakon.kz
Жағымсыз оқиғалардан кейін ЭКСПО беделі біршама түсті. Мысалы, құрылыстағы шұғыл жағдай, нысандардағы видеолар. Беделді қайта көтеру үшін не істелуде және істелінді?
–Басында, коррупция оқиғасынан кейін көрме беделі біршама түскені аның. Осы жұмысқа кіріскен кезімде, әлеуметтік желіде негатив 80% болды. Қазір оны біршама түсіре алдық. Дегенмен, бұл адамдардың санасында қалып қойды – негатив қазірде бар. Жуырда құрылыс материалдарын әкелген жүргізуші өзі байқамай құрылыс материалдарды жерге көмуде деп видео түсірген болатын. Ол оның қандай құрылыс материалы екенін, неге қолданылатынын да, не жол болатынын да білмеді, ал ол материалдардың сол жолда орналасқан ғимаратты жылыту мақсатында қолданылатынынан хабары болмады. Оны тауып, барлығын түсіндіріп, айттық. Ол түсініп, кешірім сұрады. Бір жарым жыл бойы осындай жағдайлар өте көп болды. Мен тәуелсіздікке дейін де мемлекеттік қызметте, басқарушы қызметте жұмыс атқардым. Көптеген жағдайларды көріп, білдім, сынды да көп көрдім, алайда бір жарым жыл ішінде алған сынды бұрын-соңды басымнан кешіріп көрмедім. Барлығына байсалды қараймын. Оның жағымдысы, әрине аз, тіпті кейде жоқ. Дұрыс сында, дұрыс шешім қабылдай алу керек. Сондықтан біз жағдайды шеше алдық, мәселен қазіргі кезеңді атап өтсек, құрылыс мәселесі бітуде. Бұл жоба антидағдарысты болды, себебі 408 бірлестік тапсырыс алды. Олар 2 ауданның бюджетіне 414 млрд. теңгеге жұмыс атқарды.55 мың жаңа жұмыс орны берілді. Мұндай жағдай бірде-бір қазірде жүзеге асушы бағдарлама осыншама орында ұсынбаған. Бұл тек жұмыс орындар. Сондықтан, дәл осы дағдарыс кезінде бұл өте орынды болды. Сонымен қатар, бұл PR-дың басынан бастап дамуын жүзеге асыруда жұмыстар атқарылды. Біз оны қазірде санаудамыз. ЭКСПО арқасында шет елдерде біз Қазақстанды насихаттаудамыз, ол үшін бірнеше іс-шара жүргіздік. Жалпы, әлем бойынша 1 млрд. адамға ЭКСПО жайлы ақпарат бердік. Мемлекет ішінде де осындай іс-шаралар жүрді. Күнделікті ұлттық арналар ЭКСПО жайлы ақпарат берді.Сондықтан, осының барлығы оң нәтижелер бергені анық. Атап кеткенімдей, негативті біз біршама қысқарта алдық.
Россия 24.
Теріс жарнама да - жарнама. Біз мамандығымыздың аясында, ЭКСПО-ға деген қызығушылықтың арта түскенін сеземіз, себебі мемлекеттердің астанасында орналасқан үйлестірушілер, біздің орталық кеңселер бізді ЭКСПО жұмысына бағыттайды және біз өзімізге міндетті түрде қатысатын іс-шаралар кестесін сақтап аламыз. Осы тұрғыда мен осында келіп, тамашалай алатын туристер қызығам. Қазірде көріп жүрген әуежай және жаңа вокзал, көлік жолдары. Мен сіз атап кеткен антидағдарысты жобаларға осыларды жатқыздым. Сіздің ойыңызша осы іс-шараға туристік қызуғышылық қандай болады? Ресей және Қытай секілді көрші елдерден қанша туристер көрмеге келеді? Қанша көрші мемлекеттерді күтесіздер?
–Бес миллион адамды, оның ішінде 15%-ы шетел қонақтары. Негізінде, көбіне Ресей және Қытай өкілдері. Біз үлкен жұмыс атқардық, әсіресе көрші мемлекеттерде. Атап айтқандай, Ресейде, барлық шекарамен шектес аудандармен меморандумға отырдық. Сонымен қатар, Санкт-Петербург, Мәскеу және басқа қалаларда роуд-шоу іс-шарасы жүргізілді. Сондықтан, біз көрші мемлекеттерден көп туристерді күтудеміз. Алайда, атап кетсем, бүгінде біз бір миллионнан астам билет саттық. Бұл өте жақсы көрсеткіш және сатып алушылар әлем бойынша 44 мемлекеттердің өкілдері.
Хабар 24.
Туристер тақырыбын жалғастыра кетсек, Ахметжан Смағұлов, ал сіз өзіңіз басқарушы емес, турист ретінде қай нысандарды көрер едіңіз. Сіздің 5-Үздік «MUST HAVE» міндетті түрде барамын деген нысандарыңыз.
–Күні кеше еліміздің мемлекеттік органдарының басшыларының бірі келген еді. Біз қауіпсіздік мәселесін қарап, көріп жүргенде, ол маған сіз барлық нысандар сіз арқылы өткен шығар деп еді. Ия, расында да солай. Олардың барлығы маған қызықты, себебі осының барлығын басынан құру керек болды. Сіздің сұрағыңызға жауап ретінде, мен бірінші деп, әрине Нұр Әлемді көруші едім. Біріншіден, ол архитектурасы мен инженерлік көзқарастан керемет нысан. 13 мың тоннадан астам, 2824 әйнектен құрылды. Бұл әйнектердің ерекшелігі олардың екі тұрғыдан иілуінде, осылайша олар еш бұрышсыз сфера үлгісінде құрастырылды.Олар үрленген шар секілді өте тегіс. Бұл әйнектердің салмағы 1600 келі. Бұл нысанға National Geographic арнасы қызықты. Яғни, бұл нысан - әлемде мүлде жоқ нысан, диаметрі 80 метрді, шар астында 20 метрлік павильон орналасқан. Жалпы биіктігі – 100 метр. Бірақ, бұл әрине арихитектура, инженерлік көзқарастан. Ал, ішкі құрылысы мен мазмұнымен Швейцария, Италия, Германия әлемдік фирмалар айналысады.
Мен Бельгияда 3 жыл елші қызметін атқардым. Олар көрмеге «Атомиум» атты нысанды құрастырған. Содан бері, 50 жыл өтті, бірақ құрылыс дәл сол бастапқы қалпын сақтаған. Өте қызықты нысан, алайда соңғы 50 жыл ішінде оның іші өзгертілмей қалды. Жай сол қалпын сақтайды, бірақ баратын туристер өте көп. Сондықтан, бірінші нысан – бұл әрине Нұр Әлем. Сонымен қатар, бұл үздік тәжірибе зонасы. Бұл жайлы атап өткен болатынмын, ол дегеніміз, әлемде не бар, сол. Бұл тематикалық павильон энергия пайда болғаннан бастап, оның қазіргі түрлеріне дейінгі кезді ашады, яғни көрме тақырыбын ашады. Бұл Арт орталығы. Оны француздар дауындауда, олар қойылымды 18 жылдары жоспарлаған, бірінші рет ол бізде көрсетіледі. Бұл Дю Солей циркі. Күні кеше дайындығында болдым, олар арнайы қойылымды дайындауда, әртістердің барлық іс-қимылы энергияның пайда болуын сипаттайды. Біздің 5 ұлттық компаниялар мен шетел үздік компаниялардың бірлескен павильондары өздерінің дайындағандарын көрсетеді. Халықаралық павильондар: әркелкі, бір-бірінен ерекшеленеді, кейбірі бір-біріне ұқсайды, дегенмен, әрқайсысы өздігінше қызықты. Сондықдан, барлықтарыңызды шақырамын, түрлі нысандар бар. Тіпті, энергия холлының архитектурасының кереметтілігін, ашылу салтанаты өтетін архитектурасы да, басқа жағынан да көпфункционалды конгресс-холл – ерекше құрылыстарды атамағанда да. Турист ретінде атап кеткен, аталмай қалған нысандардың барлығына барушы едім.
Сізбен енді тек ашылу салтанатында көрісуіміз мүмкін, сондықтан осындағы әріптестерімнің атынан сізге жақсылық тілеймін, барлығы ойыңыздағыдай болуына, сіздің, әріптестеріңіздің еңбегіңіздің жемісін көруге, мемлекетіміздің жетістікке қолын жеткізуіне тілектеспін, осы кездесуге үлкен рақмет,
-Тілектеріңізге рақмет! Сау болыңыздар.