КӨЛІК ЖҮРГІЗУ СЕНІМХАТЫН «ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ ПОРТАЛЫ» АРҚЫЛЫ ТЕГІН АЛУҒА БОЛАДЫ
«Электронды үкімет порталында» өздігінен, яғни үйде отырып көлік жүргізуге сенімхат алудың жаңа қызметі іске қосылды. Ол үшін ғаламтор желісі мен электронды сандық қолтаңбаңыз болса жеткілікті, деп хабарлайды ШҚО әкімінің баспасөз қызметінен.
Нотариусқа немесе ТЕО-ға барудың, қандай да бір құжаттардың көшірмелерін түсірудің қажеті жоқ, тек қана электронды түрдегі керекті жолақшаларды толтыру қажет. Мемлекеттік қызметке тапсырыс беру үшін, egov.kz порталында авторизациялаудан өтіп, «көлік және коммуникация» бөлімін таңдап, «автомобиль көлігі» бөлімшесіндегі «Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеулерді қоспағанда, cенімхат бойынша көлік жүргізуші тұлғаларды тіркеу» қызметін таңдау қажет. Қолданушы «Онлайн қызметке тапсырыс беру» тетігін басқаннан кейін сенім берілген тұлғаның ЖСН-і мен мекен-жайын енгізуі тиіс. Сонымен қатар, мемлекеттік нөмір белгісін, сериясы мен көлікті тіркеу туралы куәлік нөмірін көрсетуі керек. Содан кейін сұранымды Электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қоюы қажет.
Тапсырыс бірнеше секунд ішінде өңделеді, дайын сенімхатты порталдағы жеке кабинетіңізден қарауыңызға немесе баспадан шығаруға болады. Қызмет түрі ақысыз көрсетіледі.
Сонымен қатар, «Электронды үкімет порталы» арқылы жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлеуге, фото-бейне тіркеу жүйесімен белгіленген жол жүру ережесінің бұзылғаны туралы ақпарат алуға, жүргізуші куәлігін алу және ауыстыру үшін мемлекеттік баж алым және жеке тұлғалардың көлік салығын төлеуге болады.
Айта кетерлігі, қызмет тегін көрсетіледі. Барлық мәселемен бірыңғай байланыс-орталығының 1414 нөміріне хабарласуға болады, қоңырау шалу Қазақстан аумағында тегін.