АЗАЛЫ ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ
Шара барысында сөз алған облыс әкімі Қ. Көшербаев: «ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық – мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көзінің жасына суарылған тарихымыздың шерлі беттері. Бас қосып, жиын өткізіп тұрған осы төбе – сол кездегі қанды қырғынның куәсі. Осы жерде қаншама ұлт зиялылардың мүрдесі жерленді. Ендеше, бұл жер – барлығымыз үшін тағзым етіп, бас иетін киелі орын. Сондықтан, қайта жаңғыртудан өткізіп, бүгін пайдалануға беріп отырған ескерткіш маңында шағын аллея мен арнайы тағзым ету орындары қарастырылды», - деді.
Арай мөлтек ауданындағы қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішті қайта жаңғыртуға облыстық бюджеттен 142 млн. 470 мың теңге бөлінді. Бұл жоба шеңберінде шағын аллея мен арнайы тағзым ететін орындары салынды. Жарық шамдары орнатылып, кеспе тастар төселген.