БЕС КЕЛІГЕ ЖУЫҚ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі мен Қызылорда облысы бойынша ішкі істер департаментінің бірлесіп жүргізген жедел-іс шаралары барысында жалпы салмағы 5 келіге жуық есірткі тәркіленді. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
«Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тас жолының бойында Қызылорда-Орал бағытында кетіп бара жатқан «Лада Приора» маркалы автокөлігінен иісшіл «Чанди» күдіктенді. Автокөліктің артқы салонын қарау жүргізу барысында, қол сөмкелерден полиэтилен пакетіне оралған жасыл түсті ерекше иісі бар, есірткі затына ұқсас зат табылған. Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорларға жүргізілетін сот сарапшылық зерттеудің қорытындысына оның салмағы 4 990,09 грамм болатын кептірілген марихуана екені анықталды.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне тіркеуге алынған №174300121000121 қылмыстық іс, ҚР ҚПК-нің 186-бабының 1-бөлігінің 2-тармағына сәйкес, тергеу реттілігі бойынша Арал аудандық ішкі істер бөліміне жолданды.