АУЫЛ МҰҒАЛІМДЕРІ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛДЫ
Елімізде прокуратура тарапынан қолға алынған «Өзгерістер бағдарламасы» мәселенің салдарымен ғана күреспей, олардың алдын алады. Бұл халықтың прокуратура органдарына сенімін арттыра түсетіні анық.
Кейде кездесулерде заңды түсіндірудің өзі бірқатар азаматтардың мүдделерінің қорғалуына алып келеді.
Білім саласына жүргізілген талдау ауылдық мектептерде бір жылдан астам жұмыс істеген мұғалімдер өздерінің құқықтарын білмегендіктен, көтерме жәрдемақыны, сондай-ақ үй салуға немесе оны сатып алуға мемлекеттік әлеуметтік көмекті алмағандығы анықталды.
Осы орайда наурыз айында прокуратураның бастамасымен барлық ауыл мектептердің мұғалімдерімен кездесу өткізіліп, олардың құқықтары және тиісті көмек алу үшін қандай құжаттар қажеттігі туралы түсіндірілді. Соның нәтижесінде уәкілетті органға 56 мұғалім өздерінің ұсынымдарын берді.
Қалалық әкімдіктің қаулысымен бюджеттен 31 мұғалімге 67,8 млн. теңге әлеуметтік көмек бөлінді.