СИНОПТИКТЕР СӘРСЕНБІДЕ ЕЛ АУМАҒЫНДА ЖАУЫН-ШАШЫН ТЫЙЫЛАДЫ ДЕП БОЛЖАЙДЫ

Ақмола облысында түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 25 м/с болады, түнде және таңертең тұман бақыланады.
Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Павлодар, түнде Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Ақмола,Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 3 градус үсік күтіледі.