ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА КОНГО-ҚЫРЫМ ЖАЙЛЫ ТҮСІНДІРМЕ ЖАСАДЫ
Конго – қырым геморрагиялық қызбасы – иксодты кенелердің шағуы арқылы таралатын табиғи-ошақты жұқпалы ауру, ауыр интоксикациямен және геморрагиялық синдромдардың айқын көрінісімен сипатталады.
Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының құтқарушыларына облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының инфекционист – дәрігері Әлия Өмірзаққызы конго – қырым геморрагиялық қызбасының түрлері, аурудың клиникасы, емі және таралу жолдары жөнінде түсіндірді.
Жыл басынан бері облыста осы ауруға шалдыққандар көбейгенін айтқан маман оны жұқтырып алудан қалай сақтануды және уақытында қолдану шаралары жөнінде кең мағлұмат берді.
Сабақ барысында «Конго – қырым геморрагиялық қызбасы» тақырыбына орай құтқарушыларға бейнероликтер көрсетілді және кең ауқымды ақпарат беріліп, ескерту парақшалары таратылды.