МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ЕЛДІГІМІЗДІҢ НЫШАНЫ
Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті және оған қарасты түзеу мекемелері жеке құрамының қатысуымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл толуына орай сап түзеу салтанаты болып өтті.
Рәміздер алаңында ұйымдастыылған салтанатты шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылып, департамент басшысы Ғанибек Сырмағанбетұлы қатысушыларды мерекемен құттықтады.
Бүкіл халықтық сипатқа ие болған бұл мереке барлығымызды біріктіріп, ұлттық сананы қалыптастырып, патриоттық сезімімізді оятады деп білемін. Тәуелсіздікті паш ететін әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі болып табылады,- деді ол өз сөзінде.
Ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Жамуров мерекелік лебізін білдіріп, сала қызметкерлерінің Қазақстанның гүлденуі жолында еңбегіне табыс тіледі. Шарада қызметте жақсы жетістіктерге мамандар марапатталды. Әділет лейтенанты Т.Байқадам, М.Досжанова рәміздер тарихы, оның қазақстандық патриотизмлі дамытудағы орны жайлы хабарлама жасады. Шара қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлерінің салтанатты маршымен тәмамдалды.
Дана ДОСТАНОВА