ҰРЛАҒАН АЛТЫНЫН САТЫП, АВТОКӨЛІК АЛҒАН
Осы жылғы 9 сәуірде белгісіз біреу Шиелі кентіндегі базарлардың бірінде орналасқан «Ақжан» әшекей бұйымдарын сататын дүкеннен алтын алқалар ұрлап, дүкен иесіне жалпы құны 3455000 теңге мүліктік шығын келтірген.
Полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында қылмысты жасады деген күдікпен Ақжарма ауылының 1982 жылы туған тұрғыны ұсталып, Шиелі АІІб-нің Уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Күдікті барлық алтын бұйымдарды сатып жіберіп, түскен ақшаға автокөлік сатып алғандығы анықталды.
Қазіргі таңда аталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, жан-жақты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатысы анықталу үстінде.