ЕСЕПТЕ ТҰРҒАНДАР ҮШІН ЖӘРМЕҢКЕ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда қаласындағы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын жүзеге асырылу барысы туралы» өткізілген дөңгелек үстелде Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған жұмыссыз сотталғандарды және жазасын толық өтеген адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге ықпалы етуді және арнайы бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастыру туралы ұсыныс енгізген болатын.
Ұсыныс Қызылорда қалалық мәслихатының XII кезекті сессиясында қаралып, қабылданған шешімінің негізінде 2017 жылдың 26 мамырында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығы» коммуналдық мекемесінде «Бос жұмыс орындар» жәрмеңкесі өткізілді.
Жәрмеңкеге Қызылорда қалалық пробация есебінде тұрған 452 сотталғанның ішінен 40 жұмыссыз қатыстырылды.
Қаланың 21 мекемесінен 66 бос орынға сұраныс болды. Оның ішінде «Тұрғын үй Қызылорда» ЖШС, «Еңбек Қызылорда» ЖШС, «Қызылорда тазалығы» ЖШС-не т,б газэлектрдәнекерлеуші, жүргізуші, сантехник, аспазшы сынды мамандықтарға сұраныстар болды.
Қатысқан азаматтың 19-на әр түрлі жұмыстар ұсынылып, жолдама берілді.
Сотталған арасында мамандығы жоқтар «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқуға «аспазшы», «слесарь-сантехник», «электромонтер», «автокөлік жөндеу слесарі» т,б мамандықтарын алу мақсатында тіркеліп, кәсіптік оқуларын бітіргесін мамандықтары бойынша жұмысқа орналастыру жұмыстары жалғастырылады.