АРАЛ ФОРУМЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ ЗОР
Қызылордада бірінші Арал халықаралық тұрақты даму форумы өтуде. Облыс әкімі Қ. Көшербаев жүргізіп отырған форумға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіхалықова, Парламент депутаттары, Қазақстан Республикасының және Орталық Азия елдерінің орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының басшылары, Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктердің басшылары қатысуда.
– Қазіргі таңда әлемдік ғалымдардың күн тәртібінде тұрған ауқымды мәселелердің бірі – экологиялық проблемалар екені ақиқат. Соның ішінде, Арал тағдыры да барша адамзатты алаңдатқан түйткілдердің бірі.
Бүгінгі таңда жер шарының әр түкпірінде орын алған шөлейттердің мәселелері, табиғи ортаның бұзылуы және экологиялық тұрақсыздық сияқты қатерлер жаһандық қауіпсіздік үшін үлкен маңызға ие болып отыр. Бұл сын қатерлерді еңсеру үшін түбегейлі өзгерістер қажет. Осы орайда Арал халықаралық форумын ұйымдастырудың өзектілігі зор деп білемін, – деп білемін деді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіхалықова өз сөзінде.