СӘРСЕНБІ КҮНІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖАҢБЫР ЖАУАДЫ
Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның барлық аймақтарында ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, кей жерлерде нөсер жауын құяды. Кей жерлерде жел күшейіп, шаңды дауыл, найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.
Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с болады, кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.
Қостанай, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-23 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі, Қарағанды облысының кей жерлерінде күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, екпіні 23-28 м/с болады, бұршақ жаууы мүмкін. Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады.
Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде 3 градусқа дейін салқын болады.
Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.