ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ – ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Осы ретте Қызылорда облысында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» халықаралық форумның ауқымы кең. Оны ұйымдастырушылар: Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі және Қызылорда облысының әкімдігі.
Шараның алғашқы күндерінде аймақтағы барлық ЖОО, колледж бен кәсіпорын базасында бейбітшілік сабағы жүреді. Сабаққа Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасы Президенті архиві, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі, еліміздің және Түркияның іргелі жоғары оқу орны өкілдері, ғалымдар қатысады, лекция оқылады. Мұнан соң Н.Ілиясов атындағы ауылда Қызылорда облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің көшпелі отырысы өтеді. «Теңдессіз сый» акциясымен облыстық кітапханаға кітаптар топтамасын тарту жасайды. «История Казахстана. Документы и материалы (1917-2012)» хрестоматиясының таныстырылымы өтеді.
«Қайырымды ел» ақциясымен Талсуат ауылындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық шарасы ұйымдастырылады.
Өз кезегінде «Жібек жолы» сауда-сауықтыру орталығының кинозалында «Алжир» фильмінің көрсетілімі жүреді.
Арай ауданындағы жаңарған ескерткіш жанында 31 мамыр күні таңертеңгі сағат 9.00-де Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған митингі өтеді. Мұнан кейін Студенттер сарайында «Тар жол тайғақ кешу» атты тарихи-деректі көрмесі ұйымдастырылады. Ал, сағат 10.30-да «Тарихи жады және тағылым – рухани жаңғырудың негізі» ғылыми-практикалық конференция жұмысы басталады. Конференция аясында пленарлық және секциялық мәжілістер өтеді. Соңынан өңірлердегі Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығы меңгерушілерінің отырысына жалғасады.