«ЭКСПО-2017» АЯСЫНДА КӨРМЕ-КОНКУРСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
«ЭКСПО-2017 - болашақ энергиясы» тақырыбында Қызылорда облысының Әділет департаменті мен облыстық жастар ресурстық орталығы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетімен бірлесіп Қызылорда облыстық көркем сурет галереясында жас қолөнершілер мен суретшілердің өкілдерімен «Қолөнер бұйымдары», «Жас шебер», «Жас суретші» номинациялары бойынша көрме-конкурсын өткізді.
Шара барысында «Балалар көрмесінің байқауы» өткізіліп, жас суретшілер ЭКСПО-2017 көрмесі аясында сурет салды. «Кәсіптік оқыту» кафедрасының студенттері топтама сән үлгілерін көрсетіп, шараны концерттік бағдарламаға жалғастырды.
Конкурс нәтижесімен «Кәсіптік оқыту» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы бір топ студентті көрмеге белсене қатысқан үшін алғыс хатпен марапаттады. «Жас шебер» номинациясы бойынша І орын иесі Темір Аида (жетекшісі Л.К.Шілдебаева), ІІ орын иесі Елібай Айнұр (жетекшісі Р.Т.Корганбекова) дипломдармен марапатталып, естелік сыйлықтар алды.
Сонымен қатар «Қолөнер бұйымдары» номинациясы бойынша І орын иегері Ғазизова Айдана (жетекшісі А.А.Алайдарова), ІІ орын иегері Нурлыбай Назерке (жетекшісі Р.Т.Корганбекова) және ІІІ орын иегері Дуйсенбаева Назыгул (жетекшісі А.А.Алайдарова) де дипломдар табыс етілді.