Н.НАЗАРБАЕВ ШРИ-ЛАНКА ПРЕЗИДЕНТІНЕ КӨҢІЛ АЙТТЫ
Нұрсұлтан Назарбаев Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының Президенті Майтрипала Сирисенаға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Мемлекет басшысы биылғы 28 мамырда Шри-Ланкадағы су тасқыны мен лай көшкіні салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
«Қаза болғандардың жақындарына және барша достас Шри-Ланка халқына көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтастығымды білдіремін.
Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектеспін», – делінген жеделхатта.