АРАЛ ТЕҢІЗІНЕ 3 МЛРД ДОЛЛАР ҚАРЖЫ БӨЛДІ
Өзбекстан үкіметі халықаралық донор ұйымдарымен бірлесе отырып Аралды құтқару бағытындағы 30 құжатқа қол қойды, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Халықаралық донор ұйымдары құрдымға кетіп бара жатқан теңізді құтқару үшін 3 млрд доллар бөлген.
-Үргеніш қаласында өткен халықаралық конференция қорытындысында анық болғандай бөлінген қаржының 1,9 млрд доллары жеңілдік кредиті болса, 1 млдр долларға жуығы грант пен техникалық жәрдем есебіне қаралып отыр,-дейді Рустам Азимов.
Естеріңізге сала кетсек 1960 жылға дейін әлемдегі ең ірі төрттіктің қатарында болған Арал теңізі Қазақстан мен Өзбекстан шекарасын ала орналасқан. 40 жыл ішінде су көлемі 5 есеге төмендеп қана қоймай, балықтардың да бірнеше түрі жойылып кеткен.