ЖЕЛ КӨТЕРІЛІП, НАЙЗАҒАЙ ОЙНАЙДЫ
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығы хабарлауынша 30 мамырда Қызылорда облысының кей жерлерінде жауынның соңы бұршаққа ұласып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан секундына 23-28 метр жылдамдықпен жел соғып, шаңды көтерілуі мүмкін. Күндіз ауа температурасының 20-25, кей жерлерде 17 болуы күтіледі.
Осыған байланысты, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарға қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуды ескертеді.
Қызылорда облысы
Төтенше жағдайлар департаментінің
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы