ЭКСПО ГИД-ЭКСКУРСОВОДТАРЫ 11 ТІЛДЕ СӨЙЛЕЙДІ
Халықаралық көрмеге 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалыпты. Олардың барлығы тренингтерден өткен және 11 тілді еркін меңгерген, деп хабарлайды Астана қаласының ресми сайты.
-Таңдау байқау бойынша жүргізілді. Біз оларды тіл білуге оқытпадық. Тек шет тілін жетік білетіндерді ғана алдық, - дейді «Астана Конвенш Бюро» ЖШС директорының орынбасаы А.Адамбеков. Оның сөзінше, негізінен гид-аудармашылардың басым бөлігі 6 тіл біледі, алайда арасында 11 тілде сөйлей алатын полиглоттар бар. Негізінен қытай, түрік, ағылшын, жапон, француз, корей, испан және өзге де тілдерді меңгерген.
- Бұдан бөлек, біз аймақтармен тығыз байланыстамыз. Егер оларға гид қажет болса, көмегімізді аямаймыз. Олар туристерге Астана туралы барлық ақпаратты айтып бере алады, - дейді «Астана Конвенш Бюро» ЖШС директорының орынбасары.