ҚАЗАҚСТАН АУСЫЛДАН ТАЗА АУМАҚ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың АӨК өнімінің экспорт көлемін ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі аталған бағытта шаралар кешенін іске асыруда.
Мәселен, ҚР Үкіметі мен Халықаралық эпизоотиялық бюро (ХЭБ) арасында ынтымақтастық бағдарламасы негізінде Астана қаласында ХЭБ-тің аусыл бойынша субөңірлік үйлестіру кеңсесін құру туралы келісімге қол қойылды.
Аусыл жоғарыконтагиозды болып сипатталатын, түптүрі және бірнеше типті қоздырғышы, жануарлардың кең ауқымды бейімді түрлері және көп түрлі жұғымтал жолдары бар ХЭБ-тің тізіміндегі ауру болып табылады.
Соған байланысты, халықаралық деңгейде экспортау және импортау кезіндегі аусыл бойынша қолайлы мәртебесі болуы аумақтарда міндетті шарт болып табылады.
2016 жылдың тамызында Қазақстан Республикасының Ветеринарлық қызметі тарапынан ХЭБ-ке еліміздің 5 өңіріне аусылдан таза аймақ мәртебесін беру туралы құжаттама ресми түрде берілді.
2016 жылдың қазан айы және 2017 жылдың ақпаны мен наурызында өткен ХЭБ ғылыми комиссиясының отырысы қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасына алдын ала құптау білдіру туралы шешім қабылданды және ХЭБ-ке қатысушы мемлекеттердің ХЭБ сарапшылары инспекциясынан кейін құптау туралы шешімді дауысқа салды.
Айталық, ағымдағы жылдың 8-14 мамырында ХЭБ сарапшылары өтінім етілген Қазақстан Республикасының 5 облысына инспекция жүргізді және оның аясында жалпы ел аумағы ғана емес, жекелеген өңірлерде де аусылдың алдын алу үшін қолға алынып жатқан шаралар зерттеп зерделенді. Сондай-ақ, аурудың алдын алу мен төтенше жағдайларда әрекет ету жоспары, мүдделі тұлғалардың ақпараттану деңгейі және мәртебені қадағалау мәселесіне де назар аударылды.
Жүргізілген инспекция қорытындылары бойынша оңды қарар қабылданды. Халықаралық эпизоотиялық бюро Бас ассамблеясының 85-ші отырысында 180 ХЭБ мүше елінің бірауыздан дауыс беруі арқылы Қазақстан Республикасына 2017 жылғы 25 мамырда Парижде еліміздің 5 өңірінде – Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында вакцинация жүргізе отырып, Қазақстанға аусылдан таза аймақ мәртебесін беру туралы сертификатты ресми түрде тапсыру рәсімі болды.
Атап өту керек, ХЭБ-тің жарғысына сәйкес мұндай статусты алу ХЭБ барлық елдегі мүшелері оң дауыс бергенде ғана мүмкін болады.
Одан бұрын Қазақстан 9 облыс үшін (2015) вакцинациялаусыз аусылдан таза аймақ мәртебесін және Аусылды бақылау жөніндегі ұлттық бағдарламаның (2016), африкалық жылқылардың обадан таза ел мәртебесін (2016) алған болатын. Осы барлық мәртебелерді осы жылы ХЭБ ғылыми комиссиясы қайта растады.
Осылайша, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы аусылдан таза ел ресми мәртебесін иеленді.
ТМД-да мұндай мәртебе Беларусь пен Украинаға берілген еді, былтырдан бастап бұл қатарға жекелеген өңірлерінде аусыл кездеспейтін Ресей Федерациясы қосылды. Қалған ТМД елдерінің қазіргі уақытта ондай мәртебесі жоқ.
Елдің аусылдан таза мәртебесін алуы Қазақстанға ДСҰ мүше елдерге жануарлар және өсімдіктерден алынатын өнімдерді экспорттауға, біздің агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін іске асыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ Қазақстанның экономикалық дамуына және имиджіне оң әсер етеді.
Қытай Халық Республикасының ветеринария бойынша уәкілетті органы өткен жылдың қыркүйек айында ХЭБ-тің шешімі негізінде 9 облыстан аусыл бойынша шектеулерді алғанын атап өту қажет. ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті жаңа ғана алынған мәртебе негізінде қалған 5 облыстан шектеулерді алу үшін қытай тарапымен жұмыс жүргізуді жалғастыруда.
Парсы шығанағы, Иран және Израиль елдері алынған мәртебе негізінде Қазақстанның барлық аумағынан біздің ауыл шаруашылығы өнімімізді экспорттауға арналған рұқсатты келісуге дайын.
ХЭБ шешімі Қазақстан Республикасының АӨК-ті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын еліміздің ветеринариялық қызметіндегі жүйелі өзгерістердің нәтижесі болды және отандық тауар өндірушілер үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
ҚР АШМ Баспасөз қызметі