АҚПАРАТТЫҚ-КЕҢЕС БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Қызылордада халықпен жұмыс істеу, қоғамдық кеңестердің елмен байланысын дамыту мақсатында ақпараттық-кеңес беру орталығы жұмысын бастады.
Азаматтық Альянсы қауымдастығының атқарушы директоры Аққорлан Иманқұлованың айтуынша орталық облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «ҮЕҰ-ның қатысуымен қоғамдық кеңестер мен әлеуметтік бақылауды арттыру» әлеуметтік жобасы аясында ашылып отыр.
Азаматтық Альянсы қауымдастығы баспасөз қызметінің хабарлауынша орталықта азаматтардың арыз-шағымын қабылдайтын жәшік орнатылған. Кез келген азамат қоғамдық кеңесті жетілдіру, қазіргі мәселелерді шешу жолындағы ұсыныстарымен орталыққа хабарласа алады.
Қоғамдық бақылауды дамытуға арналған арнайы orda-kenes.kz сайты жұмыс жасауда. Онда қоғамдық кеңес туралы барлық ақпарат жарияланған. Осы сайт арқылы кеңестің күн тәртібіндегі кез келген мәселе бойынша сұрақ қоя алады.