БОҚТАМПАЗ ӘКІМ ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАЙДЫ
Алматы облысындағы Ұйғыр ауданының әкімі өз еркімен жұмыстан кетуге арыз жазды, деп хабарлайды Қазақпарат.
Осыдан аз ғана уақыт бұрын Ұйғыр ауданының әкімі Әлімжан Тохтасуновтың былапыт сөзге толы аудиожазбасы» делінген ақпараттар тараған болатын. Ол жерде шенеуніктің жұмыс барысында қарамағындағыларды балағаттап жатқаны анық естіледі.
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдері бейәдеп сөзге толы аудиожазбадағы дауыс Ұйғыр ауданының әкімінікі екенін растады.
Сондай-ақ олардың айтуынша қазір Әлімжан Тохтасуновтың өз еркімен қызметінен кету туралы арызы Президент әкімшілігінің қарауында жатыр екен.