РАМАЗАН АЙЫНЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАЛДЫ
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бастамасымен қасиетті Рамазан айының құрметіне орай бірнеше шаралар бастау алып кетті.
Соның бірі – орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті тарапынан ұйымдастырылған қайырымдылық шарасы.
Қайырымдылық жасау – мұсылманның сипаты, Рамазан айы – қайырымдылық айы екенін ескерген мешіт ұжымы бірнеше мұқтаж отбасыларына қол ұшын созып, көмек көрсетті.
Мешіт тарапынан тұрмысы төмен және әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларға азық-түлік түрінде қайырымдылық жасалды.
Өз кезегінде көмек алушы отбасылар алғысын жеткізді.