БАЙҚОҢЫРДАН ИСПАН СПУТНИГІ ҰШЫРЫЛАДЫ
Ресей Премьер-министрі Дмитрий Медведев Байқоңыр ғарыш айлағында телекоммуникациялық мақсаттағы Amazonas-5 испандық зымыранындағы «Бриз-М» үдеткіш блогы бар «Протон-М» зымыран тасығышын ұшыру туралы бұйрыққа қол қойды. Бұл туралы ақпарат Ресей министрлік кабинетінің сайтында жарияланды.
Онда америкалық Space Systems Loral фирмасында жасап шығарылған телекоммуникациялық мақсаттағы испандық спутниктің ұшырылу уақыты жазылмаған.
ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпаратына сәйкес Байқоңырдан 2017 жылдың 9 маусымында «Протон-М» зымыранын ұшыру жоспарланып отыр.
Сондай-ақ осы күні америкалық EchoStar-21 спутнигін ұшырылады.