«ІСКЕРЛІК БАЙЛАНЫСТАР» БІЛІМ БЕРУ ЖОБАСЫ
Сіздерге «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Іскерлік байланыстар» жобасының аясында бизнесті жүргізудің заманауи әдістеріне ақысыз оқытуды ұсынатынын хабарлаймыз. Бағдарлама Қазақ-Британ техникалық университетімен (ҚБТУ) жүргізіледі және Қазақстан Республикасымен қатар шетелдік табысты бизнесмендер мен тренерлер жүргізетін семинарлар мен тренингтерден тұрады.
«Іскерлік байланыстар» жобасы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында өз қызметін экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсетуге бағытталған. Аталған жобаға шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнатуға мүдделі компаниялардың жоғарғы және орта буындарының басшылары қатыса алады.
Оқыту мерзімі: 2 апта – күндізгі және 1 апта - сырттай (online-семинарлар мен кеңестер)
№ | Тренингтердің уақыты | Қала |
1 | 11– 31мамыр | Астана |
2 | 5 – 23маусым | Алматы |
3 | 10 – 28шілде | Өскемен |
24шілде –11тамыз | Ақтау | |
07-25тамыз | Қараганда | |
4 | 21 тамыз– 8қыркүйек | Алматы |
04 – 22қыркүйек | Астана | |
5 | 18қыркүйек –06қазан | Орал |
02-20қазан | Шымкент | |
09-27қазан | Қостанай |
Бағасы / шығындар: семинарлар ақысыз негізде жүргізіледі; қатысушылар тек тренингтердің өткізілу жеріне дейінгі көлік шығындары мен орналасу шығындарын ғана төлейді.
Семинар аяқталғаннан кейін қатысушылар ҚБТУ мен «Атамекен» ҰКП атынан курсты сәтті аяқтауы жөнінде сертификат алады және алдағы уақытта Германияға бару үшін бағдарламаның 2-кезеңіне конкурстық таңдауға қатыса алады (төмендегіні қараңыз).
«Іскерлік байланыстар» бағдарламасына қатысу үшін қойылатын талаптар:
1.Кәсіпорынның шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектісі мәртебесі болуы тиіс (табыстарының орташа жылдық көлемі 3 000 000 АЕК-тен және қызметкерлер саны 250 адманан аспайтын кәсіпорын);
2.Кәспорынның ақымдағы қызметі экономиканың басым секторларының Тізіміне сай болуы тиіс;
3.Қатысушы лауазымы басшының орынбасарынан немесе кәсіпорынның жоғарғы және орта буыны басшыларынан төмен болмауы тиіс. Бағдарламаға кәсіпорыннан 1 адманан артық қатыса алмайды.
Барлық сұрақтар бойынша Қызылорда облысының кәсіпкерлер Палатасына хабарласуларыңызға болады: 40-08-74, 40-02-02, Сall-Center – 597960