БІР КҮНДЕ 497 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ОРЫН АЛҒАН
Елбасының 2012 жылғы 14 ақпанындағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруды тапсырған.
Осы орайда, республика көлемінде ағымдағы жылдың қазан айының 28-30 күндері аралығында «Мүлдем төзбеушілік» акциясы өтті.
Акцияның негізгі мақсаты – халық арасында тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтарға «Мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру, азаматтардың құқықтық танымы мен құқықтық мәдениетін көтеру болып табылады.
Акцияға Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті қызметкерлерімен қатар, білім беру, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, прокуратура органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, «Нұр Отан» партиясының және қоғамдық құрылымдардың өкілдері қатыстырылды. Аталған акцияға ішкі істер органдарының 527 қызметкері жұмылдырылып, олардың 1 күндік жұмыстарының нәтижесінде барлығы 497 әкімшілік құқық бұзушылықтың орын алғандығы белгілі болды.
Сондай-ақ, акция аясында ОІІД Әкімшілік полиция ғимаратында «Мүлдем төзбеушілік» қағидаты төңірегінде атқарылған жұмыстар жайы сөз болған брифинг өткізілді. Брифингтен кейін полиция қызметкерлері облыстық, қалалық телеарналардың журналистерімен біріге отырып рейдке шықты, ұсақ бұзақылық жасаған қала тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі