ПӘТЕР ҮШІН ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРДІ ӨЛТІРГЕН
Ішкі істер министрлігі Алматыда қылмыс серкелерінің бірі құрған топты ұстады. Құрамында бұрынғы полиция қызметкерлері бар топ пәтер үшін зейнеткерлерді аяусыз өлтіріп отырған. Бұл туралы NUR.KZ порталы ІІД өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап хабарлайды.
Оның айтуынша, қылмыстық топқа барлығы 20 адам кіріпті. Олардың ішінде нотариус өкілдері де бар.
Олар жалғыз тұратын зейнеткерлерді өлтіріп, пәтерлерін иемденіп отырыпты. Кейін пәтерді өзгенің атына заңсыз рәсімдеп, сатып жіберген.Тергеу барысында иелері жоғалып кеткен төрт пәтердің осындай жолмен сатылғандығы анықталды. Қылмыскерлер 45 қылмысқа қатысы бар болуы мүмкін деген болжам жасалып отыр.
Қылмыстық топтың барлық мүшесі қамауға алынды.