ҮШ АЙДА 9641 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

Облыс орталығында кезең-кезеңімен 272 бейнебақылау камералары орнатылып, жұмыс жасауда.
Жедел басқару орталығы бейнебақылау камераларының көмегімен 53 қылмыстың ізі суымай ашылып, 8906 әртүрлі құқық бұзушылық анықталып отыр. Оның ішінде 7958-і жол ережесін бұзу дерегі.
Қазіргі таңда, бейнебақылау камералары желісінің кеңеюі тұрғындардың қоғамдық орынды ластамауға септігін тигізуде. Оған дәлел, бейнебақылау камералары орналасқан аумақтарда көше ластау деректері азайды.
Облысымыздағы барлық мектептерде, орта білім беру және жоғары оқу орындарында кездесулер ұйымдастырылып, оқушылар мен студенттерге мүлдем төзбеушілік қағидатының мақсаты жан-жақты түсіндіріліп, қоғамдық орындарда бұзақылықтар мен вандализм көріністеріне жол бермеу бағытында профилактикалық шаралар жүзеге асырылуда.
Құзырлы органдармен бірлесіп жастар мен жасөспірімдерді тазалық сақтауға, қоғамдық орындарды ластамауға, саябақтар мен көшелердегі жарықшамдар мен мүліктерді бүлдірмеуге шақыратын насихат шаралары және осы бағыттарда халық көп шоғырланатын орындарға билбордтар орналастырылып, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарынан профилактикалық бағытта бейнероликтер көрсету шаралары үнемі ұйымдастырылуда.