ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ОБЛЫСТЫҚ КӨШПЕЛІ МӘЖІЛІС ӨТТІ
Облыс көлемінде жануарлардың аса қауіпті жұқпалы аурулардың және Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын-алу, болдырмау мақсатында көшпелі мәжілісі Арал ауданында ұйымдастырылды.
Мәжіліске Қызылорда облыстық ветеринария басқармасының басшысы Е.Апетов, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекция басшысы Ж.Сәрсенбаев, «Республикалық ветеринариялық зертханасының» Қызылорда облыстық филиалының директоры М.Шатенов, Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғ.Жанабаев, Қызылорда облысы бойынша жұқпалы ауруларға қарсы аурухананың бас дәрігері А.Мұханбетова, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Б.Боранбаева және Арал ауданындағы ветеринария саласының басшылары мен мамандары қатыстырылды.
Мәжіліс барысында негізінен аудан көлемінде жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларының алдын алу және Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын-алу, болдырмау мәселелері талқыланды.