ҚАЗАҚСТАННЫҢ 6 ОБЛЫСЫНДА ҮСІК ЖҮРЕДІ

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғып, желдің екпіні 15-20 м/с-ге күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан, таңертең және күндіз Жамбыл, күндіз Алматы, Павлодар облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде кей жерлерде 3 градус үсік күтіледі.
Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.