БАЛМАХАНОВТАР ОТБАСЫ «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» АТАНДЫ
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы Қызылорда қалалық бірінші кезеңінің жеңімпаздары Балмахановтар отбасы болды. Бұл байқау қазір шынында бүкілхалықтық мерекеге айналып отыр.
Балмахановтар отбасы Ақсуат ауылының тумалары. Отағасы Ерғали Балмаханов өмір бойы медицина саласында еңбек етіп, халықтың саулығын қорғап, салауатты өмір салтын қалыптастыруға өз үлесін қосқан маман. Тасбөгет кентінде туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері қызметін абыроймен атқарған.
Жұбайы Бақыт Әбішева. Ол да медицина саласында қызмет етті. «Алтын дәрігер» атағының иегері.
Осындай өнегелі, үлгілі отбасында 4 бала 9 немере өсіріп, тәрбиеленіп келеді. Балаларының барлығы жоғарғы оқу орнын мемлекеттік грант негізінде бітірген. Әр түрлі саланың мамандары. Бір қыздары облыс әкімінің стипендиаты. Ата-анасының ізін жалғап келеді. Бала дәрігері болып жұмыс жасауда.
Балмахановтар ұрпақтарына өнегелі тәрбие беріп отырған бақытты отбасы.