ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
ТЖД қызметкерлері балалардың суға кетуінің алдын алу, осы бағытта түсіндірме жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда.
Облыстық ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің аға инженері Т.Еркебаев, Сырдария аудандық ТЖБ бас маманы Н.Бақтияр, Шиелі аудандық ТЖБ инженері Ш.Шеразов аудандағы мектеп оқушылары арасында «Судағы қауіпсіздік ережесінің талаптары» жөнінде бейнероликтер көрсетіп, зардап шегушілерге алғашқы медициналық көмек көрсету бағытында түсіндірме жұмыстарын жасады.
Сырдария ауданындағы №36 мектеп-лицейінде, №210 орта мектепте, Шиелі ауданындағы №46, №48 мектеп-лицейлері мен №45 гимназияда өткен осындай кездесулерде суда қауіпсіздік ережесі талаптары түсіндірілді. Оқушыларға 750 дана үнпарақ таратылды.