ӨРТКЕ ӨРІС БЕРМЕУДІҢ ТАЛАПТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
«Өрт сөндіруші» АҚ Қызылорда облысының филиалына жиын өтіп, онда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды.
Ереже талаптарының сақталуын талқылау барысында филиал директоры Ғ.Төрешов жедел жағдай туралы, өрттердің статистикасы мен олардың шығу себептерін айтты.
Филиал қызметкері О.Жұмабеков өрттің қураған шөптерді жағудан басталатынын атап өтті. Сонымен қатар, қызметкерлердің өрт жағдайын тұрақтандыру бағытындағы жұмысы да сарапқа салынды.
Жиналыс соңында филиал директоры Ғ.Төрешов барлық нысандарда қарапайым өрт сөндіргіштің болуы - қайғылы оқиғаның алдын алуға, жалынның алғашқы сатысында–ақ сөндуге мүмкіндік беретінін және өртке қарсы су құрылғыларының дұрыс жұмыс жасалуын үнемі бақылап отыру қажет екенін айтты.
Сонымен қатар, филиал директоры бұндай оқиғалар орын алғанда өрт сөндіру бағытында дереу ұйымдастыру және құрылғыларды тез әзірлеу жұмыстары маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
«Өрт сөндіруші» АҚ Қызылорда облысының филиалы