«ҚАНДЫӨЗЕК» КОЛЛЕДЖДЕ ҚОЙЫЛДЫ
1987 жылдан бастап БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы шешімімен 26 маусым нашақорлыққа қарсы күрестің халықаралық күні ретінде атап өтіліп келеді.
Осыған орай Н.Бекежанов атындағы театр әртістері С.Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледжінің концерт залында мұғалімдер мен студенттерге Р.Отарбаевтың «Қандыөзек» қойылымын ұсынды.
Қойылым нашақор жігіттің басындағы трагедиясын суреттейді. Жастарды жат әдеттен аулақ болуға үндейді. Бір шаңырақты шырмаған қасіреттің қанды шеңгелі қоғамды шырмай бастағанын меңзейді.
Театр ұжымы саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Нарком Жүргенов» атты қойылымға дайындалып жатыр. Қамшы сабындай қысқа ғана ғұмырында ұлтына қалтқысыз қызмет еткен қайраткер жайлы спектакль 31 мамыр күні саған 17:00-де М. Ералиева атындағы мәдениет үйі сахнасында қойылады.