АНА АТА-АНАЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен тағы бір жауапкер ата-аналық құқығынан айырылды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Талапкер сотқа талап арыз беріп, онда жауапкер бұрынғы жұбайы екенін жазған. Яғни олардың ортақ некеден екі кәмелетке толмаған балалары бар екен. Балалар 2013 жылдан бері өз тәрбиесінде. Арызданушы арызда жауапкердің балаларымен хабарласпайтындығын, тәрбиесімен айналыспайтындығын көрсете отырып, оны кәмелетке толмаған екі баласына қатысты ата-аналық құқығынан айыруды сұрады.
Сот шешімімен талапкердің талап арызы қанағаттандырылды.