СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІККЕ САЛҒЫРТ ҚАРАМАҒАН ЖӨН
Қызылорда облысы өңірлік коммуникациялар орталығында «ОӨАЖҚЖ» ММ басшысы Б.Ембергеновтің, Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Р.Қайрақбаевтың, ТЖД Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Б.Тұрмановтың қатысуымен «Жазғы кезеңде облыстың су айдындарында судағы қауіпсіздік шаралары және өртті болдырмау» тақырыбында баспасөз-мәслихаты өткізілді.
ҚР ІІМ ТЖК «ОӨАЖҚЖ» ММ басшысы Б.Ембергенов облыстың су айдындарында жыл басынан бері 6 адам қаза болғаны жайлы айтты.
Алдағы уақытта осы жағдайлардың алдын алу мақсатында атқарылып жатқан шаралар жайлы жеткізді.
Әкімдіктермен бірлесіп су айдындарының суға шомылуға қауіпті учаскелерін «Суға түсуге тыйым салынады» белгілерімен барынша жабдықтау қажет.
Оқу орындарында профилактикалық әңгімелер, интерактивтік сабақтар өткізіп, ата-аналарға су қоймаларындағы қауіпсіздік шаралары жайлы айтып, суда адамдардың (балалар) қаза болуының себептері туралы бейнероликтер көрсеткен жөн.
Жергілікті полиция қызметімен бірлесіп су айдындарында жаппай демалатын орындарда демалушылардың қоғамдық орындағы жүріс-тұрыс қағидасын бұзбауы үшін рейдтер ұйымдастырылуда. Рейд кезінде ҚР ҚК 141 бабы «ҚР ҚК «Балалардың өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету бойынша міндеттерін тиісті орындамау» бойынша көрсетілген жауапкершілік шаралары түсіндірілуде.
Есепті мерзімде облыс аумағында 162 өрт оқиғасы орын алды. Өрттен 1 адам жарақат алды, қаза болғандар жоқ
Баспасөз мәслихаты барысында судағы төтенше жағдайдың алдын алу үшін облыстың барша тұрғындарына судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы қажеттігі, әсіресе су айдындарында және жағалауда балаларды қараусыз қалдырмау жөнінде айтылды.
Айгүл Нұрманова,
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының
бас маманы