СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!
Тағы бір оқу жылы аяқталды. Облыс бойынша биыл 260 орта мектепте соңғы қоңырау рәсімі өтіп жатыр. 6200 оқушы мектеп бітіруші түлектер. ҰБТ-ға 4194 бітіруші түлек қатысады. Оның 419-ы «Алтын белгіге» және 217-і үздік аттестатқа үміткер. Аймақта ҰБТ кезінде 9 тестілеу пункті жұмыс жасайды. Қазіргі таңда барлық пункт қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Сондай-ақ, тамақтану, жатын орын және тасымалдауға тиісті қаржы қарастырылған.
Биылғы жылғы тағы бір өзгешелік, мектептерде өтетін бітіру емтихандарының қорытындысымен оқу озаттарына «Алтын белгі» белгісін әрбір мектеп басшысы тағайындап тапсыратын болады.
30 мамыр - 09 маусым аралығында 9-сыныптар үшін бітіру емтихандары өтеді
29 мамыр -10 маусым аралығында 11-сыныптар үшін мемлекеттік қорытынды аттестаттау сынағы ұйымдастырылады
12 маусым күні мектеп бітірушілерге аттастат тапсыру салтанаты өтеді.
20 маусым – 01 шілде аралығында университетте оқуға ниет білдіргендер үшін ҰБТ сынағы өтеді.
9 - сыныпты бітірушілер 30 мамыр және 3-6-9 маусым күндері 4 пәннен емтихан тапсыратын болады.
Осы жылғы тағы бір өзгеріс, мектеп бітірушілер үшін бітіру емтихандары мен жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған жаңа форматтағы ҰБТ сынағы бөлек өткізілетін болады.
Демек, барлық бітірушілер орта білім туралы аттестат алу үшін мектеп базасында қорытынды аттестаттаудан өтіп, жоғары оқу орындарында білім алуға ниет білдірген бітірушілер Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысатын болады.
Өткен жылғы мектеп бітірушілердің 95%-ы университеттер мен колледждерге оқуға түскен болса, биылғы түлектер 100% кәсіптік біліммен қамтылуы тиіс, ол үшін барлық мүмкіндік жасалынды.