ҚҰТҚАРУШЫЛАР АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының құтқарушылары Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп Қызылорда қаласының №173 орта мектебінде ата-аналар жиналысына қатысты.
Жасақ құтқарушылары ата-аналар комитетінің өкілдерімен әңгіме үстінде суға шомылу маусымы жақындағанын айтып, рұқсат етілмеген жерлерде суға шомылу адам өміріне қауіпті екенін ескертті. Сонымен қатар құтқарушылар ата-аналарға су жағасындағы демалыс, балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдыру өте қауіпті екені туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Орын алған қайғылы жағдайларға мысал келтіріп, соңында викториналар мен сауалнамалар жүргізді.
Жиналыс соңында жасақ құтқарушылары барлық қатысушылар мен ата-аналарға судағы қауіпсіздік ережелері жайында ескертпе қағаздарын таратты.
Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы