СУДА САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН САҚТАҢЫЗ

Ата – аналар мен ересек адамдар су айдындарында балаларды қараусыз қалдырмау керектігін есте сақтау қажет.
Жыл сайын облыс тұрғындары бос уақыттарын су айдынында өткізеді, демалушылардың көбісі судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Салдарынан күтпеген жағдайларға тап болады. Қайғылы жағдайларға ұшырамас үшін судағы сақтық шараларын білу қажет.
2017 жылдың мамыр айының 23 күні Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының мобильдік тобы Қармақшы және Жалағаш аудандарының мектеп оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізуге шықты. Жасақ құтқарушылары интерактивті тақта арқылы судағы қауіпсіздік жайында слайдтар мен бейнероликтер көрсету арқылы сабақтар жүргізді.
Бөлімше бас құтқарушысы Жасұлан Жексембиев су айдынында қауіпсіздік ережесін түсіндіріп, төтенше жағдай орын алған жағдайдағы әрекет пен суға батқан зардап шегушіні құтқару тәсілдерін көрсетті. Медицина – психология бөлімінің медбике құтқарушысы Жанат Сатыбалдиева алғашқы дәрігерлік көмек көрсету бойынша дәріс оқыды.
Сабақ соңында су айдынында қауіпсіздік ережелері, құтқару тәсілдері және алғашқы медициналық көмек көрсету туралы бейне роликтер көрсетіліп, сонымен қатар су айдынында қауіпсіздік ережелері жөнінде парақшалар таратылды.
Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы

