ҚАЗАҚСТАН 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІН БАТЫСТЫҚ ӨНДІРІСТЕН ШЫҚҚАН 61 ӘУЕ КЕМЕСІ САТЫП АЛАДЫ
Қазақстан 2020 жылға дейін батыстық өндірістен шыққан 61 әуе кемесін сатып алмақ. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-де өткен брифингте ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің бірінші вице-министрі Жеңіс Қасымбек айтты.
«Қазақстанда 2020 жылға дейін батыстық өндірістен шыққан 61 әуе кемесін сатып алуды жоспарлап отыр. Олардың шығарылған мерзімдері де әртүрлі болады. «Эйр Астана» 6 жылдан аспайтындарын алса, «Скат» компаниясы 15 жыл қолданыста болған ұшақтарды сатып алады. Бұл қазақстандық компаниялардың әуе кеңістігіндегі бағыттары ұлғайып, жаңа рейстер ашуға жол ашады. Бағдарлама бойынша, 2020 жылға дейін 75 халықаралық әуе қатынасын ашу жоспарланған. Осылайша, олардың жалпы саны 128-ге жетеді», - деп атап өтті Ж. Қасымбек.
Сонымен қатар, бірінші вице-министрдің айтуынша, биыл жыл басынан бері Қазақстанның әуе кеңістігі 8 ұшақпен толықты. Олардың 5-еуі «Эйр Астанаға», 2-еуі «Бек Эйр» компаниясына, ал біреуі «Скатқа» тиесілі. Сондай-ақ, ҚР ИДМ 2020 жылға қарай Қостанай, Өскемен, Семей және Петропавл қалаларының әуежайларындағы ұшу-қону жолақтарын толығымен жөндеуден өткізеді.