БАЙҚОҢЫРДА «ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ» ТУРНИРІ ӨТТІ
Байқоңыр қаласында 2003-2004 жылы туған жасөспірімдер арасында самбодан және ересектер арасында әскери самбодан ІІІ республикалық «Халықтар достығы» атты турнир өтті.
Жасөспірімдер арасындағы жарысқа Қырғызстан, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау облыстары, Қазалы ауданы, Қызылорда, Байқоңыр қалалары, Қармақшы-1, Қармақшы-2 командалары қатысты.
Боз кілемде белдескен жасөспірімдер арасында бірінші орын тұғырына Д. Мақантаев (29 келі, Байқоңыр), А,Алмашев (32 келі, Байқоңыр), Ә.Сақитжан (35 келі, Байқоңыр), А.Қазақбаев (38 келі, Жамбыл обл), Д.Алпысбаев (42 келі, Байқоңыр), Т.Уланбек уулы ( 46 келі, Қырғызстан), А.Тұраш (50 келі, Қармақшы), Д.Алтай (55 келі, Қармақшы), Д.Талғатұлы (60 келі, Қармақшы) және Ж.Ангисинов (+60 келі, Байқоңыр) шықты.
Ал ересектер арасында әскери самбодан сайысқа 6 команда қатысып, жалпыкомандалық есепте 1-орынды Байқоңыр күрес федерациясының командасы иеленді. Екінші орын Қазалы ауданы, үшінші жүлде ІІМ Байқоңыр қалалық басқармасы спортшыларына бұйырды.